40 жастағы Мэнни Пакьяо жас боксшыдан айласын асырып, WBA титулына ие болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand аренасында өткен бокс кешінде 40 жастағы филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо (61-7-2, 39 КО) америкалық Кит Турманды (29-0, 22 КО) жеңіп, WBA Super нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

Мэнни Пакьяо WBA «тұрақты» чемпионы болатын. Ол бұл титулды бір жыл бұрын аргентиналықЛукас Матиас Маттисені нокаутқа жіберіп, жеңіп алған. Ал Турман 2017 жылдыңнаурызында өз отандасы Дэнни Гарсиядан басым түсіп, WBA «суперчемпионы» атанған.

40 жастағы Филиппин боксшысы жекпе-жекті күштіқарқынмен бастады. Ірі денелі қарсыласынан жылдам екенін көрсетіп, солартықшылығын пайдалануға тырысты. Алғашқы раундта оппонентін нокдаунғажібергенімен, Турман тез қалпына келді.

Айқастың ортасына таман Пакьяо екпінінбәсеңдетіп, жас боксшыға мүмкіндік берді. 10-раундта Мэнни америкалыққарсыласының денесін аяусыз соққылап, естен тандыра жаздады. Дегенмен, Кит раундтыңсоңына дейін шыдап бақты. 12 раундтың нәтижесі бойынша әділ қазы шешімімен Мэнни Пакьяо жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар