40 жастан асқаннан кейін адам миы кішірейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қартайған да бір бала» дейтін тәмсіл расқа айналды. 40 жасқа дейін адамның миы толысады, ғалымдар одан кейін қартаятын өзге ағзалар секілді мидың да кішірейетінін анықтады, деп жазады islam.kz.

Америкалық ғалымдардың пайымдауынша, алдымен жаттау, жадыға түю секілді ми бөліктері тоқырайды. Жағы түсіп қартайған адамның миы жеті жастағы баланың миының көлеміндей ғана болады. Алайда, мидың кішірею процесі қалай жүзеге асатынын ғалымдардың өзі айтып бере алмайды.