Видеоны mid-day басылымы жариялады.
Ол Мумбайда ауруханадағы төсегінің жанында араб әуеніне биледі. Оған әнді 37 жастағы әпкесі қойып берді.
10 наурызда үндістандық дәрігерлер Эман Ахмедке ота жасады. Хирургтер жеңқұбырлық гастропластиканың көмегімен оның асқазанын 85 пайызға кішірейтті. Ота әйелдің тұтынатын тамақ көлемін шектеуге жәрдемдеседі.
Ақпанда Мысыр тұрғынын семіздіктен емдеу үшін Үндістанға жеткізген болатын. Ауруханаға түскенде оның салмағы 500 келі еді. Оның ағзасына көп сұйықтық жиналған. Бұдан басқа паразиттік құрт салдарынан элефантиаз диагнозы қойылды.
Әйелге артық салмағы қозғалуға мұрша бермей, 20 жылдан астам Александриядағы үйінен шыға алмаған.