«Оның автокөлігін арнайы тексеру кешенін қолдана отырып тексерген кезде кузовы мен тіркемесінен әртүрлі маркалы, Тәжікстанның акциздік маркалары жапсырылған темекі өнімдері табылды» делінген хабарламада.
Елімізге заңсыз кіргізбек болған 418 144 қорап темекі Қордай аудандық мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды.
14:56, 09 Сәуір 2019
400 мың қорап темекіні елге заңсыз кіргізбек болған азамат ұсталды
ҚОРДАЙ. ҚазАқпарат - «Қордай» шекара жасағының «Қарасу-авто» бөлімшесінде Қырғызстаннан біздің елге «Даф» жүк көлігімен келе жатқан 23 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шекара қызметіне сілтеме жасап.