400 мыңнан астам тұрғын ауызсусыз қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Огайо штатының билігі жергілікті тазарту құрылғыларының суларынан цианобактериялар бөлетін токсин - микроцистиннің анықталуына байланысты төтенше жағдай жариялады. Салдарынан 400 мыңнан астам жергілікті тұрғындар ауызсусыз қалды, деп хабарлайды CNN телеарнасы.

«Огайо штатындағы Толидо қаласында суды пайдаланбаңыздар, ішпеңіздер, онда ас пісірмеңіздер. Мейрамханалар да бір күнге жабылуы тиіс», делінген жергілікті биліктің хабарламасында.

Қала билігі бұл ескерту сақтық шаралары болып отырғанын мәлім етті, олардың айтуынша, су талдамасының нақты нәтижелері жексенбі күні белгілі болмақ.

«Біз бәрі жақсы болады деп үміттенеміз, әйтпесе қиын жағдайда қаларымыз анық», - дейді Толидо қаласының мэрі Майкл Коллинз.