400 жолаушысы бар кеме суға батты
09:03, 13 Қазан 2013
АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Малидегі Нигер өзенінде 400 жолаушы әкеле жатқан кеме суға кетті, деп хабарлайды 24.kz сайтынан.
Апаттан 200 адам аман қалды. Кейінгі мәліметтер бойынша, құтқарушылар 20 адамның денесін алып шықты. Із-түзсіз жоғалғандардың саны белгісіз. Кеме осы елдің солтүстігіндегі Мопти қаласынан жолаушылап шыққан. Полицейлер апат себептерін анықтауда.