Кішкентай канадалық калашықтың екі тұрғыны 41 жыл бұрын өздерін перзентханада ауыстырып жібергенін білді.
Леон Свенсон мен Дэвид Тейт Манитоба провинциясындағы негізінен байырғы кри халқы қоныстанған 5 мың адам өмір сүретін ауылда тұрады. Олар бір-бірін жақсы таниды.
Екеуі де 1975 жылы Norway House Indian Hospital ауруханасында дүниеге келген: Свенсон 31қаңтарда, ал Тейт 3 ақпанда. Сол уақыттағы аурухана жұмысын федералды үкімет басқарған.
ДНҚ тесті олардың перзентханада ауысып кеткенін, олардың биологиялық емес ата-ана қолында тәрбиеленгенін анықтады.
Тестілеу нәтижесі жарияланған баспасөз конференциясында екі ер адам да жылауға шақ қалды.
Тейт өзін өсірген адамдардың үнемі ата-ана болып қалатынын, тек тағы бір ата-ана мен бауыр тапқанын мәлімдеді. Енді олар «үлкен отбасы» ретінде араласып тұратындарын жеткізді.