«Карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты кірісі жоғалған кезде МӘСҚ-тан 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем алуға өтінішті жалақысы сақталмайтын демалыстағы жұмыскерлерге жұмыс берушінің өзі ұсынады. Жұмыс беруші жоғарыда көрсетілген төлемді тағайындау қағидаларының талаптарын сақтамаған жағдайда, қызметкер жергілікті еңбек инспекциясы органына жүгінуге құқылы», - делінген министрлік жауабында.
Еске салсақ, бұған дейін Еңбек министрлігі 42 500 теңге қатысты жиі қоятын сұрақтарға жауап берген болатын.