42 градус ыстық, нөсер жаңбыр: 16 маусымдағы ауа райы болжамы жарияланды

Фото: Александр Павский / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Синоптиктер 16 маусымда еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болатынын ескертті.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 41 градус қатты ыстық болады. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында 35 градус ыстық болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында 35-39 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады. 16-20 маусымда облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте күндіз 40 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Айта кетейік, Қазақстан әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда климаттың өзгеруіне қатты ұшырап отыр. Кейінгі жарты ғасырдағы бақылауға сәйкес, Қазақстанда жерге жақын ауа температурасы 10 жыл сайын орта есеппен 0,32 градусқа көтеріліп келеді. Ал әлем бойынша бұл көрсеткіш 0,18 градустан аспаған.