42 градус ыстық, жаңбыр: 24-26 шілде аралығындағы ауа райы болжамы

Фото: Александр Павский / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Синоптиктер 24-26 шілде аралығындағы ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы арқылы белсенді циклон жылжиды. Осыған байланысты күн күркіреп, жаңбыр жауады. Батыста, солтүстікте, республиканың орталығында нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

25-26 шілдеде күндіз Алматы облысының батысында, солтүстігінде 42 градус аптап ыстық болады.

24 шілдеде күндіз еліміздің батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында 35-38 градус ыстық болады.

24–25 шілдеде республика орталығында 35–38 градус, оңтүстікте 40 - 42 градус, 24 - 26 шілдеде оңтүстік-шығыста 35–39 градус, 25–26 шілдеде шығыста 35–38 градус, 26 шілдеде солтүстікте 35 градус ыстық болады.

Айта кетейік, әлем елдерінде аптап ыстық күшейіп барады.