«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы арқылы белсенді циклон жылжиды. Осыған байланысты күн күркіреп, жаңбыр жауады. Батыста, солтүстікте, республиканың орталығында нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.
Еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
25-26 шілдеде күндіз Алматы облысының батысында, солтүстігінде 42 градус аптап ыстық болады.
24 шілдеде күндіз еліміздің батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында 35-38 градус ыстық болады.
24–25 шілдеде республика орталығында 35–38 градус, оңтүстікте 40 - 42 градус, 24 - 26 шілдеде оңтүстік-шығыста 35–39 градус, 25–26 шілдеде шығыста 35–38 градус, 26 шілдеде солтүстікте 35 градус ыстық болады.
Айта кетейік, әлем елдерінде аптап ыстық күшейіп барады.