42 градусқа дейін ыстық: 10 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — 10 шілде күні Қазақстанның 16 өңірінде, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық, найзағай, бұршақ, жел, шаңды дауыл және жоғары өрт қаупі күтіледі.

Ақмола облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында солтүстік және солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 23 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық күтіледі. Оңтүстік-батыста жоғары, солтүстік пен оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында түнде және күндіз кей жерлерде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және жел болжанады. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде желдің екпіні 15 м/с жетеді. Батысы мен оңтүстігінде 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Қостанай облысында таңертең және күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз 35-36 градус ыстық болады.

Қызылорда облысында күндіз орталығы мен шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы 40-42 градусқа дейін көтеріледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстік-батыста тұман түседі.

Павлодар облысында күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі.

Түркістан облысында күндіз батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл болады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.

Ұлытау облысында күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі.

Астанада күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Алматыда күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін жетеді.

Шымкентте солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетіп, 40 градус қатты ыстық және жоғары өрт қаупі болжанады.