Жамбыл облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 42 жастағы Тараз қаласының тұрғының ұстады. Одан екі қап кептірілген марихуана табылды. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Табылған есірткі затының салмағы 23 келіден асады.
«Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Ол Тараз қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген ведомство хабарламасында.