42000 жылдық мамонттың баласы Лондон мұражайына «келді» - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - 42000 жыл бұрын өмір сүрген Люба атты мамонттың баласының сүйегі Лондонның тарих мұражайына мұз дәуірі кезеңінің басқа алыптарымен бірге көпшіліктің назарына 2014 жылдың 23 мамырынан 7 қыркүйегіне дейін ұсынылады, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Мамонтты 2007 жылы мамырда Батыс Сібірде орын тепкен Ямал жарты аралындағы Юрибей өзенінің жоғарғы ағысында бұғы өсіруші Юрий Худи тапқан болатын. Сөйтіп мамонттың атын әйелінің құрметіне Люба деп атап кеткен. Ғалымдардың пікірінше, ол бір айлық кезінде сазды батпаққа батып өлсе керек. Сондықтан да оның денесі осылай жақсы сақталып қалған.