Агенттіктің ақпаратына қарағанда, бұл 1976 жылғы 25 шілдеде саяхат жасауға кетіп, содан қайта оралмаған 20 жастағы Жана-Франсуа Бенедеттидің денесі болуы мүмкін. Бірнеше жыл бойы оның әкесі іздестірген болатын. Бірақ еш нәтиже болмаған.
Әкесі өмірден озғаннан соң іздеу жұмыстарымен альпинистің ағасы және достары шұғылданды.
Олар құтқарушыларға «қызғылт сары дақты» көргендерін хабарлаған. Оқиға орнына бортында екі құтқарушы бар тікұшақ аттанған. Олар сол жерден қызғылт сары түсті киім жыртындыларын және адам қаңқасын табады.
Құтқарушылардың ойынша, қаңқа - 43 жыл бұрын жоғалған альпинистің сүйегі.
Олардың болжамынша, жылымық салдарынан мұздықтар еріп, мүрде ашылып қалған.