Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында келтірілген шығын толық көлемде өтелді.
Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Қылмыстың негізгі сотталушысы және ұйымдастырушысы Мұрат Боранбаевқа халықаралық іздеу жарияланды.
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС 70% үлесін және «AlanParking» ЖШС 100% үлесін қайтару бойынша шараларын қабылдады.