437 бала коронавирустан емделіп жатыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 627 адам ем алып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 627 адам ем алуда. Олардың арасында 437 бала бар. Стационарларда 3 001 науқас жатыр. 5 626 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 191 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген министрлік хабарламасында.