«Қазір агенттік 45 күндік мерзімге және 50 АЕК-ке дейінгі сомаға шағын несиенің ерекше түрін толығымен алып тастау мәселесіне бастамашы болды. Бұл ретте, онлайн-несие беретін компаниялар жұмысын жалғастыра береді, яғни барлық микрокредиттік ұйымдар үшін белгіленген бірыңғай мөлшерлеме бойынша кез келген кезеңге шағын несие бере алады», – деді М. Әбілқасымова.
Оның сөзіне қарағанда, несиенің проблемалық портфелінде ең көп кредит беру онлайн-несие сегментінде байқалған.
«1 қыркүйектегі жағдай бойынша микроқаржы ұйымдарының тұтыну несиесі портфеліндегі онлайн-кредиттердің үлесі 197 млрд теңгені құрады. Алайда қарыз алушылар саны 1 млн 91 мың адамға жетті. Атап айтқанда, 37 млрд теңге сомасындағы проблемалық шағын несие 297 адамда тиесілі», - деді агенттік басшысы.
Мұндай онлайн-несиелер қашықтан рәсімделіп, беріліп жатады.