45 мыңнан астам Қазақстан азаматтары электронды сандық қолтаңбаны өздерінің жеке куәліктеріне жазып алды

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - 1,2 миллионнан астам Қазақстан азаматтары электронды сандық қолтаңба алды. Осы арқылы олар еліміздегі «электронды үкіметтің» барлық қызметтерін пайдалану мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұл жайында бүгін Астанада өткен брифингте «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның басқарма төрағасы Руслан Есенбаев айтты.

Айта кетейік, биылғы 1 шілдеден бастап электронды сандық қолтаңбаны жеке куәлікке бекіту жұмыстары басталды. Бұл өз кезегінде қолайлы әрі қауіпсіз деп санайды мамандар. «Егер де азаматтар жеке куәлігін жоғалтқан жағдайда, пин-кодсыз куәліктегі электрондық қолтаңбаны пайдалану мүмкін болмайды»,-деді басқарма төрағасы.

Атап айтқанда, жеке куәлікте орналастырылған чипте жазылған электрондық қолтаңбаны компьютерлік техника дүкендерінде сататын картридер арқылы пайдалануға болады. Бүгінде 45 мыңнан астам Қазақстан азаматтары аталған қолтаңбаны өздерінің жеке куәліктеріне жазып алған екен.