Бұл туралы қалалық білім бөлімі мәлім етті, хабарлады деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Материалдарды зерттеген кезде жүзеге асырудағы ең нәтижелі жолдарын іздеуі, кәсіби өсуін ынталандыруы, мұғалімнің шеберлік деңгейін арттыруы еске алынады. - Педагогикалық әрекетінің нәтижесін растау туралы құжаттарын қаланың жалпы білім беру мектептерінің 450 педагогі, оның ішінде 326 - жоғары, 106 -бірінші санатты, 18 педагог мерзімінен бұрын алды. Сондай-ақ, 61 қосымша білім беру педагогі, олардың ішінен 42 - жоғары санатқа, 19 - бірінші, жетеуі - мерзімінен бұрын иеленсе, 267 мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері, оның ішінде 71 - жоғары, бірінші санатқа - 135, мерзімінен бұрын - 61 мұғалім ие болды. Мұғалімдерді аттестаттау шеңберінде қала мектептерінде әдістемелік күндер, аттестаттаудан өтетін педагогтермен шығармашылық есептер, ашық сабақтар өткізілді. Қалалық және облыстық шараларда 450 аттестаттаудан өтетін педагог жұмыстарын ұсынды. Олармен 381 сабақ, 43 шебер-сағат, 24 облыстық және қалалық семинар, екі коучинг ұйымдастырылды, - дейді мамандар. Қаланың білім беру ұйымдарының 64 педагогі қала деңгейінде, 15-і облыста, жетеуі республика деңгейінде педагогикалық тәжірибиені таратты. Педагогтер әрекетінің аттестаттауы бойынша 450 мұғалімге, 61 қосымша білім беру педагогтеріне, 267 мектепке дейінгі мекемелерінің қызметкерлеріне сараптамалық қорытындылар берілді.