Арыз түскен бойда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларына кірісті. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жағдайдың мән-жайы белгілі болды. Күдікке малды 17 жыл бойы бағып келген 45 жастағы бақташы ілінді.
Жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде бақташының қылмысқа қатысы бары анықталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Барлық мал өз иесіне қайтарылды.
— Тәртіп сақшылары азаматтарды қырағы болуға, мүлкін мұқият бақылауға және кез келген күмәнді жағдайлар туралы уақытылы хабарлауға шақырады. Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті тек бірлескен күш-жігер арқылы қамтамасыз етуге болады, — делінген ақпаратта.
Еске салайық, Батыс Қазақстан облысында мал ұрлығын ұйымдастырған топ құрамында ветеринарлар болған.