46 жастағы әйел бала сатып жатқан кезінде ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Ош қаласында 46 жастағы әйел бала сатып жатқан кезінде ұсталды. Бұл туралы бүгін КирТАГ Ішкі істер министрлігінің Ош қаласы және Ош облысы бойынша бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Кеше, 24 маусымда Ош қаласы ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде 4 айлық баланы 20 мың сомға сатпақ болған 1969 жылы туылған Үзген ауданының тумасын ұстады.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қырғызстан Республикасы ҚК 124-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.