4,7 млн-нан астам медициналық анықтамалар электрондық форматта ресімделді
АСТАНА. KAZINFORM — Ең жоғары сұранысқа ие 8 медициналық анықтама түрі цифрландырылды.
Президенттің тапсырмаларын орындау үшін Қазақстанда денсаулық сақтау саласында цифрлық технологиялар қарқынды түрде енгізілуде, бұл жүйенің ашықтығын арттыруға, медицина қызметкерлеріне жүктемені азайтуға және халық үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Елімізде жалған тіркеулермен күресу мақсатында іске қосылған пациенттерді цифрлық сәйкестендіру жобасы нәтижесінде бюджетке 4,7 млрд теңге үнемделді. Face ID технологиясын қолдану негізсіз кнегізсіз көрсетілген медициналық қызметтер санын 6%-ға қысқартуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар ең жоғары сұранысқа ие 8 медициналық анықтама түрі цифрландырылды:
· 073/у «Көлік құралын басқаруға рұқсат беру»,
· 075/у «Медициналық анықтама»,
· 052-2/у «Баланың денсаулық паспорты»,
· 026/у «ДКК қорытындысы»,
· 069/у «Санаторий-курорттық карта»,
· 076/у «Қару ұстауға рұқсат алу»,
· 038/у «Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама».
Жыл басынан бері ақпараттық жүйелерде 4,7 млн-нан астам осындай құжат тіркелді. Қазіргі уақытта «еңбекке жарамсыздық парақтарын» қағаз түрінде қолдануды толықтай алып тастау жұмыстары жүргізілуде. Медициналық ақпараттық жүйелердің функционалы оңтайландырылып, медицина қызметкерлеріне түсетін жүктеме 40%-ға дейін азайды. Маңызды қадамдардың бірі – биылғы жылдың қыркүйегінен бастап жасанды интеллект негізіндегі «дәрігер көмекшісін» енгізу, бұл диагностика үдерісін оңтайландыруға және қателіктерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Айта кетелік елде ана өлімі тарихи ең төменгі деңгейге дейін төмендеді.