Әлеуметтік кодекстің 107-бабы 2-тармағына сәйкес, қызметкерлерінің саны 50 адамнан асатын жұмыс берушілер мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындарының квотасын 2%-дан 4%-ға дейін белгілеуге тиіс.
Облыста мұндай талапқа сай келетін 471 ұйым бар. Оларда квота бойынша кемінде 963 жұмыс орны қарастырылуы қажет еді. Алайда 2026 жылы 55 ұйым ғана мүгедектігі бар 97 адамды жұмысқа орналастыруға арналған квота бекіткен.
Осылайша, көптеген адамның жұмысқа орналасу мүмкіндігі шектелген.
Прокуратураның қадағалау актісінен кейін заң бұзушылықтар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындарының квотасы 10 есе артты.
Еске салайық, мұның алдында елімізде мүгедектігі бар адамдарға арналған Telegram-бот іске қосылғанын хабарлаған едік.