«Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша кәсіби оқытумен 48 280 адам қамтылды», - деді Қ. Әбсаттаров.
Оның айтуынша, бағдарламаның үшінші бағытына қатысуға басымдықты құқыққа ауыл жастары, жетімдер үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар ие.
«Азаматтардың бағдарламаның бұл бағытына қатысуы жұмыссыздар қатарын толықтырудың орнына жұмысқа тұрудың мүмкіндіктерін арттырады. Оған қоса, олар жаңа мамандықты тегін игеріп, біліктіліктерін арттырады, стипендия төлеу және субсидия ұсынумен кәсіби даярлаудан өтеді», - деп атап өтті вице-министр.
Барлығы бағдарламаны жүзеге асырудың басынан бастап 110 мыңға жуық қазақстандық қамтылған. Ол атап өткендей, жас мамандарға «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасы арналған, ол түлектердің алған мамандықтары бойынша мемлекет есебінен еңбекақысын жартылай төлеу арқылы жұмыстың алғашқы тәжірибесін алуды қарастырады.
Вице-министр мәлімдегендей, ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтар есебінен 70 мыңға жуық адам еңбекпен қамтылған.
17:02, 03 Желтоқсан 2013
48 мыңнан астам адам «ЖЖК-2020» бағдарламасы бойынша оқытудан өтті - Қ. Әбсаттаров
АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - 48 мыңнан астам адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының үшінші бағыты аясында оқытудан өтіп жатыр, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қайрат Әбсаттаров Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында.