«Бүгінде барша облыс орталықтарында 3G-технологиясы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ біз 4G ауқымды жобасының бастауына табан тіреп отырмыз»,-деді ведомство басшысы. Министрдің айтуынша, 4G жүйесіне негізделген жиіліктер жақын арада ақылы негізде «Қазақтелеком» компаниясына берілмек.
«Қазақстанда Интернетті пайдаланушылар саны 41 пайызға жетті немесе 6,7 млн. адамды құрады. Бұл көрсеткіш қуантып отыр. Себебі, біз қысқа мерзімде Интернет жүйесін белсенді түрде пайдалана бастадық»,-деп атап өтті министр. Форум барысында Б. Жұмағалиев 2015 жылға қарай Қазақстанның әрбір азаматы кең жолақты Интернетпен қамтамасыз етілетінін жеткізді.