5 ақпан күні республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыздығы сақталады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 ақпан күні республика аумағының басым бөлігінде бұрынғыша атмосфералық фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыздығы сақталады, жер-жерлерде қар, боран, қатты жел, жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Маңғыстау облысында жел 15-20 м/с-қа күшейеді, кейбір аудандарында тұман, көктайғақ болып, боран соғады. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, таңертең және күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Жамбыл облысында жел 15-20 м/с-қа күшейеді, тұман түседі.