5 айда жалпы қылмыстық істердің 68 пайызы электронды форматта қаралды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың 5 айында жалпы қылмыстық істердің 68 пайызы соттарда электронды форматта қаралды. Бұл туралы Қазақстанда жұмыс істейтін дипломатиялық корпустың және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесуде сенатор Владимир Волков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы жылдары қылмыстық сот әділдігін ырықтандыру және құқық қорғау қызметті цифрланыру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілді. Айталық, осы жылдың 5 айында жалпы қылмыстық істердің 68 пайызы соттарда электронды форматта қаралды. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 90 пайыз электронды хаттама рәсімделді. Қызметтің мұндай форматы қылмыстық процесс кезеңдері ашықтығын қамтамасыз етуді және тергеудің шынайылығын қамтамасыз етуге, қағазбастылықты, бұрмалаушылық фактілері мен қателіктерді төмендетуге септігін тигізеді. Ең маңыздысы жемқорлықтың қысқаруы», - деді сенатор.

Оның атап өтуінше, соңғы жылдары жүргізілген реформалар Қазақстанның сот төрелігінің барынша қолжетімді әрі жедел болуына септігін тигізді. Оған Сот төрелігі тиімділігі жөніндегі еуропалық комиссияның да мерзімді есептерінде көрсетілген.

«Есептегі айтарлықтай көрсеткіштің бірі – істерді қараудың орташа мерзімі. Мәселен, Қазақстанда азаматтық және экономикалық даулар бойынша көрсеткіш 32 күнді құрайды. Бұл орташа еуропалық мәннен 6 есеге төмен. Сонымен қатар Еуропалық комиссия хатшылығы Қазақстанда бір жылдан астам өндірісте жатқан істің жоқ екендігін атап өтеді. Бұл оларды қарау барысында сарсаңға салудың жоқ екендігін білдіреді», - деді Владимир Волков.