5 айғы ереуіл: Голливуд сценарийшілері келісімге келді

Фото: Фото: freepik.com

Киноиндустрияға нұқсан келтірген бес ай бойғы ереуілден кейін Голливуд сценарийшілері студиялармен келісімге келгенін жариялады. Бұл олардың жұмысқа қайта оралуына мүмкіндік береді. ҚазАқпарат бұл туралы Еuronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл барлық саладағы кәсіподақ сценарийшілері үшін маңызды жетістік әрі оларды қорғайтын ерекше келісім екенін мақтанышпен айта аламыз», – делінген Голливуд сценаришілері одағының (WGA) хатында.

Хатта келісімнің егжей-тегжейі айтылмаған. Дегенмен, олар пысықталып жатқаны және түпкілікті шешімді WGA мүшелері қабылдайтыны жазылған.

«Гильдия нақты рұқсат бермейінше, ешкім жұмысқа оралмауы тиіс. Біз ереуілді жалғастырамыз, бірақ бүгіннен бастап WGA пикеттерін тоқтатамыз», - деп түсіндірді кәсіподақтан.

Голливудта киноиндустрия саласы мамандарының наразылық акциялары мамыр айының басында басталған еді. Олар жалақының көтерілуін және қосымша жұмыстардың төленуін, сондай-ақ кино өндірісінде жасанды интеллектіні қолдануды шектеуді талап етті. Ереуілге Netflix және Disney сияқты компаниялар қосылып, ойын-сауық индустриясына едәуір нұқсан келді.

Аталған пикеттерге байланысты Emmy телевизиялық сыйлығын тапсыру рәсімі келесі жылға қалдырылды.

Сондай-ақ митингілер Голливуд экономикасын күйретіп жатқаны да мәлім етілген еді.