5 аю аралдағы метеостанса қызметкерлерін сыртқа шығармай отыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ненецк автономды өлкесінің Вайгач аралында бес ақ аю метеостансаның бес қызметкерін (араларында екі қыз бар) сыртқа шығармай отыр.

Ал станса қызметкерлерінде бірнеше фальшфейер мен резеңке оқтар ғана бар. Бірді-екілі атып көргенмен жыртқыштар қорқа қоймады. Керісінше стансаны айналшықтап кетпей қойған, деп хабарлайды Ресейі Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры (WWF).

Қыздардың бірі WWF-ға аюлар құрылыстардың маңына жайғасқанын айтты. «Олар үйдің маңында ұйықтайды. Екеуі бірге, қалғандары бір-бірден жүреді», - деді метеостанса қызметкері. Мамадар болса, күніне екі рет далаға шығып теңізде өлшеу жүргізуі тиіс. Алайда қазіргі жағдайда ол тым қауіпті болып отыр.

Фото-Лев Федосеев/ИТАР-ТАСС