"Күн тәртiбiндегi маңызды мәселенiң бiрi - алдағы уақытта осы бес институционалды реформаны тәжірибеде қалай жүзеге асырамыз деген мәселе, яғни, ұйымдастыру жұмыстарына қатысты болып отыр. Бұл iрi жоба мемлекеттiк қызметтi реформалау мен Қазақстанды дамыған 30 елдiң қатарына қосуға да қатысты. Сондықтан, осы мақсатты жүзеге асыруымыз үшiн бiз жұдырықтай жұмылуымыз керек",-дедi журналистерге ойын айтқан Мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң басшысы Әбiлқайыр Сқақов.
Оның айтуынша, бұл бес реформа барлық саланы қамтиды.
"Реформа аясында мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк қызметкерлердiң жұмыс тиiмдiлiгі артады, еңбектi бағалаудың жаңа шкаласы белгiленедi, сондай-ақ сот саласы да жақсарады. Сондықтан, бұл реформалар барлық саланы қамтитын реформа",-деп түйiндедi сөзiн ол.