Маманның пайымдауынша, еліміздің даму тарихы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенділігінің арқасында өз болашағымызды бағдарлай алғанымызды көрсетеді. Өткен сайлауда халқымыз бірлік пен татулықты, қаржылық тұрақтылықты таңдайтынын жеткізді.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның дамуын айқындайтын 5 реформаны ұсынды.
«Әлем түрлі ғаламдық сын-қатерлерге тап болды. Сыртқы қауіпті еңсере білу үшін 5 ірі реформаны міндетті жүргізуіміз керек. Біріншіден,шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін арттырып, тұрақтылықты қамтамасыз ету. Екіншіден, бірыңғай ішкі нарықты дамыту арқылы еліміздің барлық аймақтарының біркелкі өркендеуін қамтамасыз ету. Үшіншіден, сыбайлас жемқорлықпен күрес. Төртіншіден, жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру. Бесіншіден, тарихтың жаңа кезеңінде халық бірлігін қамтамасыз ету. Осынау алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру әлемнің үздік 30-дығының ішіне енуге мүмкіндік бермек. Елбасының көп жылдық тәжірибесі Қазақстанның даму мен көркеюіне қызмет етеріне сенімдіміз», - деді Б.Базылова.