№5 қалалық емханада электрондық кезек жүйесі енгізілді

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - №5 қалалық емханада ересектер корпусының тіркеу орнында электрондық кезек жүйесі жұмыс істей бастады.

Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының Инновациялық технологиялар, мониторинг және талдау бөлімінен хабарлады.

«Бұл жаңалық медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және емханадағы кезекті қысқарту мақсатында жасалып отыр», - дейді басқармадан.

Келушілерге 35 отыратын орын дайындалған. Тіркеу орнында 5 терезе жұмыс істейді. Олардың 1-і - анықтама қызметі және 4 терезе - мамандар мен диагностикалық зерттеулерге жазылуға арналған.

№5 Қалалық емханада заманауи диагностикалық аппаратура, жаңа клиникалық зертхана, есептегіш және деректермен алмасу компьютер жүйесі бар. Мұның бәрі барынша сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау басқармасы хабарлағанындай, «№5 Қалалық емхана» МКҚК Астанадағы электрондық кезек жүйесі іске қосылған жалғыз медициналық мекеме. Алайда, бұл жүйе таяу уақытта қаланың барлық емханаларында жұмыс істейтін болады.