АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 5-ші қараша күні өтетін Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.
АСТАНА. 12:00 елордадағы Оқушылар сарайында «LAULA 2017» атты 1-ші халықаралық балалар шығармашылығы байқауының жабылу рәсімі.
14:00 «Hilton Garden Inn» қонақ үй кешенінде Орталық Азия елдерімен мəдени ынтымақтастық бойынша жапон миссиясының сапары шеңберінде баспасөз мәслихаты өтеді.
18:00 «Астана» концерт залында КСРО-ның халық əртісі, педагог, отандық сазгер Ғазиза Жұбанованың 90 жылдығына арналған концерт басталады.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.