Үздік көрсеткіш үш қарғып секіру шебері Ирина Эктованың еншісінде, ол әлемдік рейтингтің 6-сатысынан орын тепкен.
Спорттың екі түрі бойынша Татьяна Нерознак (1500 және 3000 метрге жүгіру) ТОП-15 қатарында.
Сондай-ақ, 400 метрге жүгіру бойынша екі қазақстандық спортшы - Элина Михина және Светлана Голендовалар үздіктер қатарына енген.
Ерлер арасында Иван Иванов (ядро лақтырушы) ТОП-15-тен ойып орын алған.