5 қазанда елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН
11.00-де «Жергілікті полиция қызметін «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша реформалау және Қазақстан полициясының жұмыстың сервистік моделіне көшуі туралы» онлайн брифинг болады. Спикер: ҚР ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков.
АЛМАТЫ
11:00-де «Квартал» бизнес орталығында (Алматы Азаматтық кодексінің кеңсесі) «Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі жағдайындағы жұмысшы кедейлігі» тақырыбында сарапшылар қауымдастығымен бірге дөңгелек үстел отырысы өткізіледі. Іс-шараға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің, Алматы қаласының әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің өкілдері, партия белсенділері және т.б. қатысады.
12:00-де Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ағымдағы эпидемиологиялық ахуал туралы онлайн брифинг өтеді. Спикер - Алматы қаласы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бастығы, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.