НҰР-СҰЛТАН
9.30-да Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Болашақ Қазақстан: кәсіптік бағдарлаудан мансапқа дейін» атты форумы өтеді.
9.30-да «Park Inn» қонақ үйінде «Бала және денсаулық» әлеуметтік жобасы аясында жастар үшін «16 жасқа дейін және одан жоғары» тақырыбында пікірталас жүргізіледі.
10.00-де Хан Шатыр алаңында Қарағанды облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
12.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қазақ күресі федерациясының бір жылдық есеп беру конференциясы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 1 курс студенттеріне арналған «БЕЛЕС – 2019» салтанатты шарасы ұйымдастырылады.
18.30-да «Nomad» театрында М.Мақатаев «Қош, махаббат» спектаклімен екінші маусым ашылады.
АЛМАТЫ
10.00-де Q-Lab қалалық жобалар зертханасында мемлекеттік орган мен IT-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен Цифрландыру күні өтеді.