деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың 19 - 24 қаңтары аралығында Қазақстанда тұмау және тыныс органдарының өткір жұқпалы ауруларын жұқтырған 40 840 адам тіркелгенін хабарлайды, бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге кем», - делінген таратылған ақпаратта.
Республиканың 16 өңірі ішінен Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында ауырған адамдардар көп кездескен.
«Өткен аптада 1789 адам ауруханаға жатқызылды, бұл тыныс жолдарының ауруы және тұмаумен науқастанып, дәрігерлік көмекке жүгінген халықтың 4,3 пайызын құрайды», - деп нақтыланған таратылған ақпаратта.
Осы эпидемиологиялық маусымда негізінен В типті вирус тарап отыр. Ведомствоның мәлім еткеніндей, науқастардың жартысынан көбі 14 жасқа дейнгі балалар болып шыққан (67 пайызы). Алайда республиканың мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелері күнделікті кесте бойынша жұмыс істеуде.
Таратылған ақпаратта Денсаулық сақтау министрлігі жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі кешенді жұмыстарды жалғастырып жатқандығы айтылған.