5 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 5 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

5 қыркүйек, ЖҰМА

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

8 1 жыл бұрын (1933) Алматыда М.Лермонтов атындағы республикалық орыс драма театры ашылды. Бұл Қазақстандағы байырғы, ең үлкен театрлардың бірі. Театр ұжымы алғаш Семейде ұйымдастырылып, кейін Алматыға ауыстырылған. Сахна пердесін тұңғыш рет К.Треневтің «Любовь Яровая» пьесасымен ашты. 1964 жылы орыс ақыны М.Лермонтовтың 150 жылдық мерейтойына орай театрға оның есімі берілді. Театр труппасы 1974 жылы Мәскеуге гастрольге барып, үлкен жетістікпен оралған соң, академиялық театр атағын алды.

1 4 жыл бұрын (2000) Атырау қаласында Дина Нұрпейісова атындағы «Бұлбұл домбыра» атты әйел домбырашылар арасында екінші республикалық байқаудың ашылу салтанаты болды. Үш күн бойы Қазақстанның шартарабынан келген 44 орындаушы халық аспабында сайысқа түсті. Осы байқау аясында Атырау қаласындағы жаңа алаңда Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды.

1 3 жыл бұрын (2001) Павлодар қаласында Мәшһүр Жүсіп мешітінің ашылу салтанаты болды. Мешіт сегіз қырлы, бұл - Дешті Қыпшақтардың сәулет үлгісіне жатады. Оның үстіндегі 8 қырлы жұлдыз - түркі жұртының ортақ рәмізі. Күмбезі - шаңырақ үлгісінде, 4 мұнараның ұзындығы Пайғамбар жасына орай 63 метр. Бір мезгілде 1500 адам намазға жығылуға мүмкіндігі бар, ерлер мен әйелдер залы бөлек. Мұражай, кітапхана, ислам дінін насихаттайтын бейне зал, неке қию бөлмесі бар. Үлкен залдағы гауһар тасты шамның салмағы 3,5 тонна, биіктігі 16,5 метр, ені 6 метр.

9 жыл бұрын (2005) Алматыда Ұлттық тұз өндірушілер қауымдастығы құрылды.

Шараға Азия даму банкі, ЮНИСЕФ пен басқа да халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қауымдастық жұмысы елдегі тамақ өнімдерін шығарумен айналысатын кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатып, тамақ нарығы маркетингі мен йод тапшылығы салдарынан ауруға шалдыққан тұрғындардың денсаулығын қадағалайтын болады. Бағдарлама «Йод тапшылығы ауруларын алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңы іске асуына байланысты қабылданды.

9 жыл бұрын (2005) Қостанайдағы №23 орта мектеп ғимаратының қасбетіне белгілі ғалым Манаш Қозыбаевтың (1931-2002) құрметіне ескерткіш тақта орнатылды.

Қазақстанның Ата заңын жасауға атсалысқан тарихшы және заңгер, академик Манаш Қозыбаевтың туған жері - Қостанай өңірі. Ғалымның аты берілген Қостанай мектебінің тәрбие жұмысына марқұмның идеялары мен ойлары негіз болып отыр. Атап айтқанда, бұл білім ошағында «этномәдени диалог» деп аталатын жоба жұмыс істейді. Балалар осы жобаның көмегімен түрлі халықтардың салт-дәстүрлерін танып білуде.

7 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Балқаштағы күкіртті ангидридті кәдеге асыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты.

Бұл өндірістегі ең маңыздысы сол, оның арқасында аймақтың экологиялық проблемасы шешілгелі отыр. Күкірт қышқылы өндірісінің іске қосылуы күкірт диоксидінің 99 пайыздан астамын сүзіп алып, оны күкірт қышқылына конверсиялауға мүмкіндік береді.

7 жыл бұрын (2007) қыркүйектің 5-10 аралығында альпинистер бұған дейін ешкім көтерілмеген Іле Алатауының Талғар шатқалындағы Пушкин шыңына шықты.

Теңіз деңгейінен 4387 метр биіктіктегі бұл шың бірде-бір тау биіктігінің классифакторында белгіленбеген. Сондай-ақ осы уақытқа дейін оған бірде-бір альпинистік топ шықпаған.

Пушкин шыңының маршруты ең әдемі шатқалдан басталып, барлық табиғи аймақтарды басып өтеді.

7 жыл бұрын (2007) Оралдағы «Дастан» баспасынан батысқазақстандық қаламгер Қайыр Құрақұланның (Бектұрғанов) «Кері толғау» атты кітабы жарық көрді.

«Кері толғау» деген атпен берілген эсселерінде ұлағатты ата-бабаларының өнегелі үрдісі, өмірдегі ұстанымдары, ірілігі мен мәрттігі сөз болады. 324-беттік қатты мұқабамен шыққан кітап жақсы безендірілген.

Қайыр Құрақұлан - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Негізгі мамандығы математика пәнінің мұғалімі. Сонымен қатар шығармашылық жұмыспен шұғылданады. Оның бірінші «Арман» атты әңгімесі 1965 жылы облыстық «Орал өңірі» газетінің беттерінде жарияланған. Жазушының шығармашылығында балаларға арналған шығармалар ерекше орын алады. 1976 жылы «Ат жалы» атты повесі «Жалын» баспасының жабық конкурсында үшінші орынға ие болған.

5 жыл бұрын (2009) тұңғыш рет қазақ күйі Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен «Спасская башня» халықаралық әскери-музыкалық фестивалінде орындалды.

Өнер ұжымына Құрметті қарауыл ротасының командирі капитан Қанат Әзімбаев басшылық жасады, ал Президенттік оркестрдің бастығы подполковник Талғат Бердіғұлов дирижерлік етті. Қазақстандық ұландар домбырамен Құрманғазының күйлерін нақышына келтіре орындап, көрермендерді тәнті етті.

5 жыл бұрын (2009) Павлодар облысы Лебяжі ауданындағы Черное ауылында «СМП-Павлодар» ЖШС-нің кірпіш зауыты іске қосылды.

Құны екі миллион теңге болатын, заманауи қытайлық құрал-жабдықтармен жарақталған кәсіпорын жергілікті кен орнының сапалы сазын пайдаланады.

2 жыл бұрын (2012) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың интерактивті дәріс оқуы аясында «Назарбаев Университетінде» орта және жоғары білім беру менеджерлерін оқытатын Жоғары білім мектебі ашылды.

1 жыл бұрын (2013) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылғы «Жиырмалық тобы» саммитіне қатысу үшін Санкт-Петерборға келді.

Қазақстан Санкт-Петербордағы G20 саммитіне ЕурАзЭҚ, Кедендік одақ және Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) өкілі ретінде шақырылды. «Үлкен жиырмалық» саммитіне 20 елдің басшылары, сондай-ақ арнайы шақырылған 6 мемлекеттің және экономика саласындағы ең ірі 8 әлемдік ұйымның жетекшілері қатысты.

ЕСІМДЕР

90 жыл бұрын (1924-1991) композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның және КСРО-ның халық артисі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты МҰХАМЕДЖАНОВ Сыдық дүниеге келді. Қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданында туған. Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) композиторлық бөлімін бітірген. Консерваторияда оқыған жылдары Қазақ радиосында музыкалық редактор болды және Қазақстан Мәдениет министрлігінде қызмет істеді. 1960-1962 жылдары - Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы. 1964-1968 жылдары - Қазақ филармониясының директоры әрі музыкалық жетекшісі. 1969-1972 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театрының директоры қызметтерін атқарған. Мұхамеджановтың қазақ ән өнерінде Абай өлеңдеріне жазылған «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл» атты әндері ерекше дараланды. Шуақты лиризмге тұнған «Көктем вальсі», «Сырлы қайың», «Шолпаным», «Тербеледі тың дала», «Жарқырайды Теміртаудың оттары», «Еңбек әні», «Жастар маршы», тағы басқа балалық шақ, жастық шақ, бейбітшілік, еңбекті жыр еткен көптеген әндері мен романстары ел арасында кеңінен танымал. Мұхамеджанов «Бекет», «Ақан сері - Ақтоты» операларын, «Ғасырлар үні ораториясын жазды. Ал «Дауыл» атты бірнеше бөлім симфониясы ұлттық музыкаға қосылған елеулі үлес болды. Оның скрипка мен фортепьяноға арналған сонаталары, халық аспаптар оркестріне жазылған пьесалары, күйлері, камералық оркестрге жазылған поэмалары қазақтың аспаптық, оркестрлік, камералық шығармаларының жан-жақты дамығандығын, оның биік көркемдік дәрежесін көрсетеді. Ол «Алдар көсе», «Ботагөз», «Рәбиға», «Беу,қыздар-ай!», «Сәуле»,тағы басқа спектакльдерге, «Ана мен бала», «Біз Жетісуденбіз», «Партизан қызы» кинофильмдеріне музыка жазған.

Қазан революциясы, Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

8 9 жыл бұрын (1925-2001) генерал-майор, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасының ҰҚК органдарының құрметті қызметкері МҰСТАФИН Асқар Ғаббасұлы дүниеге келді.

Ресей Федерациясы Орынбор облысында туған. Қарағанды тау-кен техникумын, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1945 жылдан бастап мемлекеттік қауіпсіздік органдарында жұмыс істеген. 1969-1977 жылдары - Қазақ КСР МҚК екінші басқармасы бастығының орынбасары. 1977-1988 жылдары - Шымкент облысы бойынша МҚК басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

8 4 жыл бұрын (1930-1994) жазушы, аудармашы, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымының кандидаты, доцент ОРДАЛИЕВ Сейділда дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

1956-1958 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы. 1958-1972 жылдары - Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері. 1972-1976 жылдары Республикалық мұғалімдер білімін жетілдіру институтының кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1977 жылдан өмірінің соңына дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті болды.

«Сөз зергері», «Қазақ драматургиясының очеркі» атты монографиялардың, «Қазақ драматургиясы және советтік өмір», «История многонациональной советской литературы» кітаптарының авторы. Түрікмен драматургі Г.Мұхтаровтың «Мен әжейге үйленем» атты комедиясын қазақ тіліне аударған.

7 3 жыл бұрын (1941) дипломат, ҚР дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері, «Ұлы жұлдыздар», «Фарватер» кітаптарынң авторы ЕСҚАЛИЕВ Нәжімеден Ықсанұлы дүниеге келді.

Астрахань облысының (РФ) Краснояр ауданында туған. Астрахань педагогикалық училищесін, Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын бітірген. 1958-1972 жлдары - «Талов» кеңшарында мұғалім, агроном, бас агроном. 1972-1983 жылдары - Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Орал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 1983-1985 жылдары - Талдықорған аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1985-1990 жылдары - Талдықорған облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары - облыстық агроөнеркәсіптік басқармасының төрағасы, Орал облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1990-1993 жылдары - Орал облыстық кеңесінің төрағасы, Батыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің әкімі. 1993 жылы - Көкшетау облыстық әкімшілігінің әкімі. 1993-1994 жылдары - ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, 1994-1997 жылдары ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Тәжікстандағы елші міндетін қоса атқарушы. 1997-1999 жылдары - ҚР-ның Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Молдовадағы елші міндетін қоса атқарушы. 1999-2003 жылдары ҚР-ынан ТМД атқару комитеті төрағасының орынбасары. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО халық депутаты болды.

«Халықтар достығы» орденімен, медальдармен марапатталған.

60 жыл бұрын (1954) ҚР Орталық мемлекеттік мұражайының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстаннң еңбек сіңірген қараткері ӘЛІМБАЙ Нұрсән дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттіук университетін, Қазақстан Ғылым академиясының тарих және этнология институтының аспирантурасын бітірген. Талдықорған педагогикалық институтында оқытушы, 1979 жылдан Қазақстанның Ғылым академиясының Тарих және этнология институтында аға лаборант, кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер болып жасады. 1979 жылдан астам көптеген этнографиялық экспедицияларға (соның ішінде, халықаралық) қатысты. 1993-1995 жыладары - моңғолияның Баянөлгий ауданына бірқатар тнографиялқ экспедициялар ұйымдастырды. Қазіргі қызметінде - 1999 жылдан бері.

150-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік жұмыстардың авторы. 8 ғылыми кандидатын даярлады. Мәскеу, Санкт-Петербор, Ташкент, Бішкек, Қазан, Ізмір, Анкара, Анталия қааларында өткен бірқатар халықаралық ғылыми конференцияларға және симпозиумдарға қатысты.

7 9 жыл бұрын (1935) ақын ҚАПШЫҚБАЙҰЛЫ Серік дүниеге келді.

Қытай Халық Республикасында туған. Шыңжаң институтын бітірген. 1994 жылы Қазақстанға қоныс аударған. Республикалық «Балдырған» журналында бөлім редакторы қызметін атқарған. Қазір шығармашылық жұмыста. Бірнеше жыр жинақтары мен прозалық шығармалардың авторы. «Жоқ», «Тас» өлеңдер, «Жер басып жүргенде» пьеса мен проза, «Жылқы ішінде ала жүр» өлеңдер мен поэмалар, «Бала» әңгімелер жинағының авторы.

5 1 жыл бұрын (1963) «Еуразия» бірінші арнасы» бас директорының орынбасары ЕРМАН Мұхтар Тілдабекұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1986-1993 жылдары - Алматы сәулет-құрылыс институтында ассистент, тағылымдамадан өтуші. 1993-1999 жылдары - «Яшар Холдинг» компаниясының аймақтық менеджері. 1999-2005 жылдары - «Алматыжарнама» мемлекеттік кәсіпорнының директоры.

2005-2006 жылдары «Асар» республикалық партиясы РҚБ Орталық аппаратында хатшының орынбасары, хатшы. 2006-2008 жылдары - «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында хатшы. 2008 жылдан «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2013 жылдан бері.

223 жыл бұрын (1791-1864) неміс композиторы, «Роберт-Дьявол», «Гугеноттар», «Пайғамбар», «Арфиканка» операларының авторы МЕЙЕРБЕР Джакомо (шын аты-жөні Якоб Либман Бер) дүниеге келді.

68 жыл бұрын (1946-1991) ағылшын рок-музыканты, «Queen» тобының жетекшісі, әнші МЕРКЬЮРИ Фредди (шын аты-жөні Фаррух Бальсара) - английский рок-музыкант, певец, лидер группы