Кәспорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 5 қыркүйекте Ақтөбе және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.