Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ хабарлайды.
Атырау облысында, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде қатты ыстық болады деп күтілуде.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығы және батысының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.