Біздің жұмысымыз биологиялық материалдармен және микроорганизмдермен тікелей байланысты. Зертханалық зерттеулер көрсеткендей, сырттай таза көрінетін қолдың өзінде ауру тудыруы мүмкін бактериялар мен вирустар болуы ықтимал.
Көп жағдайда адам «қайдан жұқтырғанын» байқамайды. Алайда іс жүзінде жұқтыру өз әрекеті арқылы жүреді: лас дүниемен жанасқаннан кейін бетіне, тағамға немесе түрлі заттарға қол тигізу арқылы. Есік тұтқалары, телефондар, ақша, қоғамдық көліктегі тұтқалар – барлығы микроорганизмдердің көзі болуы мүмкін.
Мамандардың айтуынша, қолды уақытылы және дұрыс жуу ішек және респираторлық инфекциялар қаупін айтарлықтай төмендетеді.
Қолды қашан жуу қажет:
• көшеден және қоғамдық көліктен кейін
• тамақтанар алдында және тағам дайындау алдында
• қоғамдық орындарға барғаннан кейін
• жануарлармен байланыстан кейін
• жөтелгеннен немесе түшкіргеннен кейін
Қалай дұрыс жуу керек:
• қолды сабынмен кемінде 20 секунд жуу
• алақанды, қолдың сыртын, саусақтардың арасын, тырнақтарды мұқият тазалау
• суға қолжетімділік болмаған жағдайда антисептик қолдану
Антисептик әрдайым қол жууға толық балама бола бермейтінін түсіну маңызды, әсіресе қолда көзге көрінетін ластану болса.
Зертхана мамандары ретінде біз қол гигиенасы ережелерін қатаң сақтаймыз. Себебі оның әрбір бұзылуы зерттеу нәтижелеріне әсер етуі мүмкін екенін жақсы білеміз. Алайда бұл қағидалар күнделікті өмірде де маңызды. Бұл әр адамның денсаулығын қорғауға көмектеседі.
– Бірнеше секунд алатын қарапайым әрекет денсаулықты қорғаудың ең тиімді тәсілдерінің бірі болып қала береді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Қол гигиенасына жұмсалған секундтар өмірді сақтайды» деген үндеуіне сай әрекет ете отырып, біз санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге нақты үлес қосамыз, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, жаңа туған нәрестеге гигиеналық күтім жасау ол дүниеге келген сәттен бастап, әсіресе үйге келгенде өте маңызды. N9 қалалық емханасының жоғары санатты педиатры Айнұр Мұхамеджанова ата-аналарға бала күтімі бойынша тағы қандай маңызды сәттерді білу керектігін айтты.