5 мамыр күні республиканың кей аймақтарында күн суытады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 мамыр күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай болады, тек республиканың солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі сақталады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болады, жел күшейеді 15-20 м/с. Алматы, Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 5 градусқа дейін үсік күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.