11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігі онлайн-көрсетілім форматында «Қазақстанда цифрлық криминалистиканы дамыту» атты брифинг өткізеді. Спикерлер: Стамбеков Өмірсерік Есенғалиұлы – ҚР ІІМ Жедел криминалистикалық департаментінің аға криминалисі. Құдайбергенов Еламан Бүркітұлы – ҚР ІІМ Жедел криминалистикалық департаментінің бас криминалисі.
14.30-да «AMANAT» партиясының баспасөз орталығында баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөнінде баспасөз конференциясы өтеді.
17.00-де Maqsut Narikbayev University-де «Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. 1-том. Жалпы бөлім» кітабының тұсаукесері өтеді.