Сот материалдарына сәйкес, Д. есімді келіншек "5 минут" супермаркетінен 17 бірдей кәмпит қорабын ұрламақшы болған. Алайда күзет қызметі оны қолға түсірді.
"Астана қаласының Есіл аудандық №2 сотының үкімімен Д. ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 3-188 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығын бір жылға шектеу жазасына кесілді. Сот үкімі күшіне енді", - делінген соттың ресми xабарламасында.