Оның атап өтуінше, «Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы» РМК балық шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік инспекторлары Павлодар ауданына қарасты Сычевка ауылының тұсында Ертіс өзеніне рейдтік тексеру шарасын жүргізген. Нәтижесінде бекіре тұқымдас сүйрік балығын заңсыз жолмен аулаған Павлодар облысының екі тұрғыны ұсталған.
«Тексеру барысында заңсы ауланған бекіре тұқымдас балықтың салмағы 20 келі екендігі анықталды. Келген шығын - 5 млн 50 мың теңге. Заңсыз балық ауланған жерге Павлодар облысы Павлодар аудандық ішкі істер басқармасының жедел тергеушілер тобы шақырылды. Браконьерлікке қатысты жиналған материал сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге тіркелді және сотқа дейін тергеу үшін тергеу органдарына жіберілді», - деді ол.