5 мың әлеуметтік білім гранты: Қай өңірге, қанша бөлінді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бөлінген 5 мың әлеуметтік білім грантын жергілікті атқарушы органдар конкурстық негізде үлестіреді. Бұл үшін облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерімен конкурстық комиссиялар құрылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Білім және ғылымминистрлігінен мәлім еткендей, гранттарға көпбалалы немесе атаулы әлеуметтіккөмек көрсетілетін отбасылардан шыққан балалар үміткер бола алады.

5 мың білім грантыөңірлерге әртүрлі бөлінген. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласына - 165, Алматықаласына – 190, Шымкент қаласына – 390, Алматы облысына – 540, Ақмола облысына– 390, Ақтөбе облысына – 180, Атырау облысына – 220, ШҚО-ға – 180, Жамбылоблысына – 460, БҚО-ға – 100, Қарағанды облысына – 195, Қостанай облысына – 85,Қызылорда облысына – 390, Маңғыстау облысына – 305, Павлодар облысына – 75,СҚО-ға – 60 және Түркістан облысына 1345 грант бөлініп отыр.

Конкурсқа қатысуүшін 2019 жылғы маусым айында өткізілген ҰБТ-да шекті балл жинау маңызды болыптабылады.

«Ұлттық жоғары оқуорындарына түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша – кемінде 65балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, «педагогикалық ғылым»бағыты бойынша – кемінде 60 балл жинау керек.

Конкурсқа құжаттар 5 мен 10 тамыз аралығындақабылданады.

Білім гранттарын тағайындау және жоғары оқуорындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі», - деді ҚР БҒМ-нан.

Грант иегерлерініңтізімін әкімдік жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болады.

Еске салайық, Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен көпбалалы және аз қамтылғанотбасылардың балаларына5 мың білім гранты бөлінді.

«Әзірше 5 мың, одан кейін бұл жүйе жұмысістейтін болса, көре жатармыз», - деді Қ.Тоқаев. Президент бұл жұмыстың маңыздыэлементі әлеуметтік аз қамтылған халықтың ішінен талантты балалар менжасөспірімдерді оқыту және жоғары оқу орындарына түсуге дайындау жүйесіболатындығын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар