АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 5 наурыз күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді.
14.00-де «Азық-түлік қауіпсіздігі» тақырыбында қазақстандық фермерлердің 2024 жылғы құрылтайы өтеді.
15.00-де ҚР Энергетика министрлігінің 2023 жылғы жұмыс қорытындысы және 2024 жылға арналған жоспарлары бойынша кеңейтілген алқа отырысы басталады.
19.00-де Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында Эмир Сулейманның «Скрипка тынысы» атты концерті өтеді.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.