5 наурыз. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА 5 наурыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 5 наурызға арналған күнтізбесін ұсынады.

5 НАУРЫЗ, СӘРСЕНБІ

Әзірбайжанда дене шынықтыру және спорт күні. Әзірбайжан Республикасы Президентінің 2005 жылғы наурыздың 4-дегі Жарлығымен бекітілді. Жыл сайын атап өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

3 9 жыл бұрын (1975) Павлодарлық трактор зауытының конвейерiнен «Қазақстандық» («Казахстанец») 100-мыңыншы тракторы шығарылды.

2 1 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы» қаулысы жарық көрді.

2 1 жыл бұрын (1993) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы» туралы Заң күшіне енді.

9 жыл бұрын (2005) Алматыда Орталық Азия қол өнерінің жәрмеңкесі өтті. Ұйымдастырушысы - Алматыдағы қолөнер палатасы. Жәрмеңкеде марғұлан жібектері және керамика ыдыстары, ыстықкөл қөлөнершілерінің киізден жасалған бұйымдары, тәжік шеберлерінің кестелері, түрікмен кілемшілерінің асылдары, қазақстан зергерлерінің әшекейлері және әр түрлі жәдігерлер көрсетілген. Олардың барлығы қолдан жасалған.

5 жыл бұрын (2009) «Фолиант» баспасынан заңгерлік терминдердің қазақ-орыс және орыс-қазақ сөздігі жарық көрді.

Сөздік қоғамдағы өміріміздің барлық саласын қамтамасыз ететін заңдардың, кодекстердің мәтінін негізге алған.

Қосымша кітап 1996-2007 жылдары Сенат Парламенті қабылдаған, 250-ден аса заңдардың терминдері мен сөздерінен тұрады. Жинақ тіл мамандары, Сенат Парламенті аппаратының тәжірибелі аудармашылары қатысуымен құрастырылған.

4 жыл бұрын (2010) Palgrave Macmillan баспасы Анюшэ Ансари мен Хомер Хикэмнің «Жұлдыздар туралы арманым: Иран қызынан ғарыш пионеріне дейін» (My Dream of Stars: From Daughter of Iran to Space Pioneer) атты кітабын басып шығарды.

68 жыл бұрын (1946) Миссури штатындағы Фултон қаласында Уинстон Черчилль сөз сөйлеп, «Балтикадағы Щециннен Адриатикадағы Триестке дейін Еуропаның үстінен темір шымылдық жабылды», деді. Содан бері «темір шымылдық» тіркесі тоталитаризмнің балама атауы ретінде қолданысқа еніп кетті.

4 жыл бұрын (2010) Брюссельде ҚР елшілігі мен Еуропалық халықаралық қатынастар институты «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы» тақырыбында конференция өтті.

4 жыл бұрын (2010) Мәскеудегі Халықаралық форумда ҚР Алматы қаласындағы аймақтық қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігі «ТМД бизнесі көшбасшысының құрмет белгісі» наградасына ие болды.

4 жыл бұрын (2010) Алматыда ҚР тұңғышм Президенті мұражайының раритеті» көрмесі ашылды.

3 жыл бұрын (2011) Астанадағы тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демография саясаты Ұлттық комиссиясы Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан әйелдерінің съезін өткізді.

3 жыл бұрын (2011) Орталықазиялық «Бәйшешектер уақыты» көрме-жәрмеңкесі өтті.

3 жыл бұрын (2011) Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасында «Тәуелсіз Қазақстанның әйелдері" съезі өтті.

2 жыл бұрын (2012) Астанадағы ел Президенті мұражайында суретші Анар әбжанованың жеке көрмесі өтті.

ЕСІМДЕР

9 8 жыл бұрын (1916-1989) Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доценті ЖҰМАҒАЛИЕВ Бижан дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында туған. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогоикалық институтын, Жоғары партия мектебін бітірген.

1941-1942 жылдары - орта мектеп директоры. 1942-1943 жылдары - Фурманов педагогикалық училищесінің директоры. 1943-1945 жылдары - Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 1945-1948 жылдары - Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитетінің дәріскері. 1948-1952 жылдары - Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитеті жанындағы Республикалық партия мектебі директорының орынбасары. 1952-1989 жылдары - Алматы жоғары партия мектебінің тарих кафедрасының меңгерушісі, деканы, доценті, проректоры қызметтерін атқарған.

Еңбек Қызыл Ту орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрметті грамоталарымен марапатталған.

«Развитие КПСС марксистско-ленинского учения о партии» атты кітабының авторы.

6 2 жыл бұрын (1952) Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының актері ДЕМЕСІН Қадырбек Төлеуұлы дүниеге келді.

Талдықорған облысында туған. Құрманғазы атындағы өнер институтының театр факультетін бітірген, театр және кино актері. С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар», Б.Мұқайдың «Қош бол, менің ертегім», С.Жүнісовтің «Жаралы гүлдер»Т.Ахтановтың «Әке мен бала», М.Ахмановтың «Айдардың айласы», Е.Аманшаевтың «1001 түн» және басқа да спектакльдерде ойнаған. ҚР еңбек сіңірген әртісі.

60 жыл бұрын (1954) әскери қайраткер, генерал-майор, заң ғылымының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері ҚОЙБАҚОВ Сейітжан Мелдебекұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Мәскеу және Алматы қалаларындағы Жоғары курстарында арнайы дайындықтан өткен. 1995-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппаратында бөлім бастығы, Қарсы барлау бас басқармасының бастығы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары. 1999-2002 жылдары - ҚР ҰҚК Маңғыстау облыстық департаментінің бастығы. 2002-2006 жылдары ҚР ҰҚК «Арыстан» қызметінің бастығы болған.

60 жыл бұрын (1954) Маңдайлы ҚОСЫМБАЙ, «Маңғыстау» облыстық газетінің бас редакторы.

5 4 жыл бұрын (1960) «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры ҚАРАБАЛА Жағыпар Аманжолұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Аудандық газетте бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы және бас редактордың орынбасары болды. Жезқазған облыстық газетінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. 1992-2005 жылдары - «Қазақстан» РТРК» АҚ Қызылорда облыстық филиалында директордың орынбасары - бас редактор.

Қазіргі қызметінде - 2005 жылғы ақпаннан бері. «Құрмет» орденінің иегері.

4 6 жыл бұрын (1968) Манат ТОЛЫМБЕКОВ, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі мемлекеттік құпияны қорғау бөлімінің меңгерушісі.

Жамбыл облысында туған. Саратов жоғары әскери химиялық қорғаныс инженерлік училищесін (инженер-химик), «Тұран-Астана» университетін «ақпараттық жүйелер» мамандғы бойынша бітірген. 1991-1993 жылдары - ҚазақКСР Ғылым академиясының Ядролдық физика институтында радиациялық қауіпсіздік қызметінің инженері. 1993-2008 жылдары - ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарында қзмет атқарды. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдан беріә.

4 3 жыл бұрын (1971) «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы ОСПАНОВ Нұрлан Елеусізұлы дүниеге келді.

Семей қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.

1993-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші маманы. 1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия басқармасы бастығының орынбасары. 1996-1997 жылдары - «Терминал» ақпараттық-талдау орталығының директоры. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі басқармасының бастығы. 1998-1999 жылдары - Ақмола облыстық қаржы басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1999-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржы департаментінің директоры. 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі Халықаралық экономикалық қатынастар департаментінің директоры. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары. 2007 жылдың мамырынан бастап 2007 жылдың қазанына дейін - «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ Қаржы жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2007-2012 жылдары - «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары, «Терминал» фирмасы» ЖШС қаржы жөніндегі кеңесшісі. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2012 жылғы қазаннан бері.

10 4 жыл бұрын (1910-2007) жапон кәсіпкері, тез дайындалатын кеспені ойлап тапқан Андо МОМОФУКИ дүниеге келді.

7 7 жыл бұрын (1937) Нигериянің 1976-1979 және 1999-2007 жылдардағы президенті Мэтью Олусегун Арему ОБАСАНДЖО дүниеге келді.

143 жыл бұрын (1871-1919) неміс революционері, еуропалық коммунистік қозғалыстың қайраткері Роза ЛЮКСЕМБУРГ дүниеге келді.