5 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 7 бөлігінде козғалыс шектелді

АСТАНА. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ еліміздің 5 облысындағы республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысы шектелгендігін мәлім етті.

Фото: "Қазавтожол"ҰҚ Маңғыстау облыстық филиалы

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 сәуір сағат 15:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Атырау, Қарағанды, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 955 метр болатын су тасқыны болды.

4 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар 5 автомобиль жолдарында (ұзындығы 336 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

«Сағат 16:00 шамасында еріген қар суының салдарынан Маңғыстау облысы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 210-220 шақырымында (Атырау облысының шекарасы-Боранқұл ауылы учаскесі) көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді»,-делінген хабарламада.